Бүгін: 07.11.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасы мен «Қазақстанның азаматтары» қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырған облыстық семинар өтті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңнамалық талаптарды сақтау мәселелері бойынша талқыланған «Мемлекеттік рәміздер – ортақ құндылығымыз» атты облыстық семинарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен пайдалану мониторингі жөніндегі Қарағанды облыстық инспекциялық тобының мүшесі, ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауларын насихаттау және түсіндіру бойынша лектор, діни мәселелер жөніндегі республикалық және аймақтық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Шахмарал Кабулова, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен пайдалану мониторингі жөніндегі Қарағанды облыстық инспекциялық тобының мүшесі Сандуғаш Нурмаганова, Саран қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Танирберген, мемлекеттік мекемелердің басшылары, құқық қорғау органдары мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өкілдері қатысты.

Ашық диалог форматында өткен іс-шара барысында спикерлер қатысушыларға 2026 жылғы 13 шілдеде енгізілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану және Мемлекеттік Әнұранын орындау қағидаларына қатысты заңнамадағы өзгерістер туралы түсіндіріп өтті. Қатысушылар да өз тарапынан талқыланған мәселелер бойынша пікірін білдіріп, сауалдарына жауап ала алды. Ал ең соңында, барлығына сертификаттар табыс етілді.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА