
Қарағандыдағы Қазтұтынуодағы университетінде Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері студенттермен және оқытушылармен білім беру, әлеуметтік саясат, жастарды қолдау және елдің алдағы даму бағыттарын талқылады.
Кездесуде Асхат Аймағамбетов жастардың ұсыныстарын тыңдауға, жаңа даму стратегиясын әзірлеуге ғылыми қауымдастықты тартуға және мемлекеттік басқаруды жетілдіруге назар аударды. Білім саласындағы жасанды интеллектіні пайдалану, мұғалімдердің артық есептілігін азайту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету мәселелері де қозғалды.
Бекзат Алтынбеков қоғамдық өзгерістердегі жеке жауапкершіліктің, заң мен тәртіпті құрметтеудің маңызын атап өтті. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Іс-шараға шамамен 130 студент пен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Материалдың дереккөзі: Ortalyq.kz, Жамал Ақпарова.
Сурет ұйымдастырушылардан.





