Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын көңілден құттықтаймыз!
Бұл мереке әрдайым қуанышқа, гүлдерге, сыйлықтарға және жүрекке жылу ұялататын сезімдерге толы. Бұл күні біз аналарымызды, жұбайларымызды, қыздарымызды, құрбыларымызды және әріптестерімізді құттықтауға асығамыз. Сіздерге деген сүйіспеншілігімізді, таңданысымызды, зор құрметіміз бен шынайы алғысымызды білдіреміз. Өйткені сіздер әлемдегі ең асыл, әрі ең ардақты жандарсыздар.
Сіздер отбасының берекесі мен жылуын сақтап, еңбек пен білім жолында да елеулі жетістіктерге ие болып жүрсіздер. Әрі әрдайым жақындарыңызға қамқорлық пен мейірім танытасыздар. Бұл асыл құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа сүйіспеншілікпен жеткізіп келесіздер.
Сіздердің еңбектеріңіз бен күш-жігеріңіз сүйікті Саран қаламыздың дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосуда.
Баршаңызға және сіздердің отбасыларыңызға мықты денсаулық, амандық, береке, табыс пен бақыт тілейміз!
Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!





