Бүгін: 04.02.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2025 жыл - қаламыз үшін жемісті жылдардың бірі болды. Қала тұрғындарының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар мәселенің басы шешілді. Биыл да жұмыс қарқыны бәсендемей, керісінше, алдағы кезеңде де жүйелі түрде жүргізілмек.

Қалалық құрылыс бөлімінің бізге  берген мәліметіне сүйенсек, РТИ ауданындағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.

Бүгінде РТИ ауданының 3-шағынауданындағы №16 үйді қайта жаңғырту жұмыстары бойынша үйдің қасбеті қапталып, шатырды монтаждау жұмыстары орындалды. Сондай-ақ ішкі электрмен, сумен жабдықтау, жылумен қамту және су бұру жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасатын болады. Осы шағынаудандағы №18 үйге келсек, нысан 2025 жылдың шілде айында пайдалануға қабылданып, ендігі кезекте «Саран каласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсыру үшін құжаттар дайындалуда.

Одан бөлек, Саран қаласындағы (3-кезең бойынша) су құбырларын қайта жаңарту жобасы аясында 2025 жылы 22 километр құбыр төсеу жұмыстары мен 150 құдық орнату жұмыстары жүзеге асырылды. 106 кентте де жұмыстар өз жалғасын табуда.

Сонымен қатар, бізге берген ақпаратта екінші су көтергіштегі резервуарда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, екі резервуар толтырылып, герметикалық және беріктік тексерістері жүргізілгені туралы жазылды. Нысан 2025 жылғы желтоқсан айында пайдалануға берілген. Былтыр кәріз желісін қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары (2-кезең) басталып, «Горняк» шағын ауданында 4 шақырым құбыр тартылды, 80 құдық орнатылды. Құрылыс жұмыстары осы жерде тоқтап қалмай, алдағы уақытта да жалғасатын болады. Әрі  қаламыздағы спорт нысандарына да ерекше көңіл аударылуда. Биыл Ақтас кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, 2026 жылы ресми түрде ашу жоспарланып отыр. Ал 2025 жылдың наурыз айында Саран қаласында спорт кешенінің құрылысы басталды. Бүгінде ғимараттың іргетасын қалау және металл қаңқасын орнату жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта қабырғалар мен шатырды орнатуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА