Бүгін: 04.02.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы, азаматтық қорғау капитаны Бакишев Самал Өмірбекұлы «Үздік анықтаушы» республикалық байқаудың жүлдегері атанды.

Бакишев Самал Өмірбекұлы 2009 жылдан бері тілсіз жаумен күресіп келеді. 2022 жылы «аға анықтаушы»  лауазымына тағайындалды. Алғаш рет «Үздік анықтаушы» республикалық байқауда бағын сынап көрді. Іріктеулерден сүрінбей өтіп, Қарағанды облысы бойынша 1-орынды иеленді. Кейін дәстүрлі байқаудың республикалық кезеңінде ІІ орын алып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің грамотасымен марапатталды.

Жоғары кәсіби шеберлік көрсеткен, өз ісіне адал марапат иесін жүлдесімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да қызметіңізге табыс, жаңа жетістіктер, мықты денсаулық және отбасыңызға амандық тілейміз!

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА