28 мамыр күні Саран қаласы әкімі аппаратының басшысы Ақылбай Нагидулла көп балалы аналарды «Күміс алқа» алқасымен марапаттады.
Алты құрсақ көтерген аналар: Елена Кооп, Мөлдір Дуашева, Гүлнар Акышова үшін бұл күн мерейлі сәттердің бірі болды. «Күміс алқамен» марапатталған әр анаға гүл шоқтары берілді, ізгі тілектер айтылды. Олар да өз кезегінде ризашылығын білдірді.
- Алты баланың анасымын. Үлкені – 24 жаста болса, үйдің кенжесі – 1-сыныпты аяқтады. Өте қуаныштымын. Балаларымның арқасында осылай «Күміс алқа» алқасына иеленіп отырғаныма ризамын. Барлық адамдарға бұйырсын деп тілеймін, - деп бізбен өз әсерімен бөлісе кетті көп балалы ана Гүлнар Акышова.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА