Бүгін: 17.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран қаласының спорт орталығының директоры Дидар Нықаш «Сарыарқа барысы» облыстық турнирінде төрт жылда бір болатын «Ақ бидай» республикалық ойынға жолдама ұтып алды.

Таяуда Оскаров ауданында «Сарыарқа барысы» облыстық турнирінің үздіктері анықталды. Оған өңір бойынша жан-жақтан іріктелініп алынған ең мықты деген палуандар жиналып, өзінің жоғары деңгейдегі дайындығын, ұтымды әдіс-тәсілдерін көрсеткен.

Боз кілемдегі белдесуде қарсыластарына дес бермеген түйе салмақ дәрежесінде Саран қаласының намысын қорғаған қалалық спорт орталығының директоры Дидар Нықаш белдесіп, жүлделі орыннан көрінді.

- Турнирдің өзі жақсы өтті. Бес айналым жасап, соның нәтижесінде  үшінші орынға ие болдым. «Ақ бидай» республикалық ойынға жолдама ұтып алдым,- деді Дидар Аманжолұлы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сертификаттармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА