Бүгін: 17.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сан ғасырлар бойы Қазақстан тарихында патриотизм ұғымы ерекше мәнге ие болған.  Сол замандардан бері қазақ халқының бойына сіңген, елін-жерін сүю, қорғау, қызмет ету, ынтымақтастықты ту етіп ұстау, дәстүрге құрмет көрсету мәдениеті қалыптасты. Патриоттық тәрбиенiң барлық жүйесiн ұйымдастырып, оның жұмыс iстеуiн және бақылауды қамтамасыз ететiн негiзгi институт мемлекет болып саналады.

Жастарды патриотизмге тәрбиелеу  Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді перспективалы мемлекеттік жастар саясаты бағыттарының бірі болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміздің әрбір азаматы жұртшылықтың алдына шыққанда ұлттық мүдде мен қазақстандық патриотизм қағидаттарын басшылыққа алуы керек» деп атап өтті. Алайда заманның құбылмалы даму кезеніңде жұртшылықты алаңдататын және әрбір азаматтың қоғамдағы  тыныштығын жайсыз жағдайға итермелейтін қауіпті діни экстремизм туралы сөз қозғамақпыз.

Біз қоғамда, әсіресе жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек. Жасөспірім экстремизм-мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайтын, елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсітуге, конституциялық құрылымды мойындамауға, оны зорлық-зомбылық күшімен жоюға, билікті заңсыз басып алуды ашық түрде насихаттау арқылы жүргізілетіні туралы жасырынды көзқарасты дер кезінде ойына алмайды. Осы себептердің нәтижесінде ұлттық тіл, дін, нәсілдік, діни алауыздық, бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылатын келешегі жоқ дағдарыс ортасына түсіп қалады. Деструктивті ағымдар өз қатарына ең алдымен әлеуметтік аз қамтылғандарды және девиянтты мінез-құлықтағы азаматтарды тартады. Бұл культтер ұлт, мемлекет, туыс ұғымдарын жоққа шығаруға құштар. Олар үшін жақын туыс – «діндестері». Басшы – діни көсем. Болды. Бұл идеологияға уланғандар өздерінің мақсатына жету жолында бір туған бауырын да, тіпті анасын да құрбан етуге дайын. Жат ағым өкілдерінің көксегені - сіздер секілді жастардың санасын дін атын жамылған теріс ойлармен улап, болашағына балта шабады. Өкінішке орай, теріс идеяның құрбаны болып, адасқан жастар көп қоғамда. Өзге елдегі соғысқа аттанып құрбан болғаны да, өз елімізде лаңкестік әрекеттер жасауға ұмтылып абақтыға қамалғаны да жетерлік. Бұл – адам тағдыры. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың?»- ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер» деп елді бірлікке шақырып отырған. Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде тыныш әрі мамыражай, бейбіт күндердің сақталуы үшін әрбіріміз бір кісідей экстремизмге қарсы тұруға тиіспіз!

Н. Кернебаева,

КМҚК Саран Мәдениет үйі «Жас отау» ЭМҚБ жетекшісі