Бүгін: 17.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Ел өңірлерінде жәрмеңке маусымы белсенді өтіп жатыр — наурыз бен мамыр аралығында 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды, 1 миллионнан астам қазақстандық қатысты.

Тек 17–18 мамыр күндері 200 тоннаға жуық ет өнімі сатылды. Ең көп сиыр еті Алматы (45 т), Ақтөбе (21 т) және Павлодар (12,3 т) облыстарында өткізілді.

Осы кезеңде 1782 тоннадан астам сиыр еті жәрмеңкелер арқылы сатылған.

Ұлттық статистика бюросы: өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының индексі 0,3% деңгейінде қалды.