Бүгін: 17.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Еліміз Тәуелсіз мемлекет атанғалы бері, ана тіліміздің қолданыс өрісі кеңейіп, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп анық көрсетілген. Бұл – тек заңдық норма ғана емес, елдің тәуелсіздігі мен ұлттық болмысының негізі. Сондықтан да мемлекеттік тілдің мемлекеттік қызмет саласында қолдану аясының кеңеюі – уақыт талабы әрі ел алдындағы жауапкершілік.

 Мемлекеттік қызметкер – халықпен тікелей жұмыс істейтін тұлға. Ол – ел мен халық арасындағы байланыстырушы көпір. Сол себепті де оның сөйлеу тілі, ресми құжат толтыруы, халықпен қарым-қатынасы мемлекеттік тілде болуы шарт. Бұл тек заң талаптарын орындау ғана емес, тілге деген құрмет пен жауапкершіліктің көрінісі.

Мемлекеттік  тіл  –  саяси  тұрақтылық пен   Қазақстанның  өсіп – өркендеуі, бірлігі  мен  ынтымағы  жарасқан  елдігіміз бен теңдігіміздің  қайнар көзі, кемелді  келешегіміздің   ұйытқысы   екенін ұмытпайық.        

Мемлекеттік қызметкер қазақ тілін еркін меңгеріп, сауатты жазып, анық сөйлей алуы тиіс. Бұл – оның кәсіби шеберлігінің, біліктілігінің, азаматтық ұстанымының бір бөлігі. Сонымен қатар тілге құрмет – ұлтқа құрмет екенін әрбір қызметкер жете түсінуі тиіс.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік тілдің мемлекеттік қызметте орнықты орны болуы – ел болашағы үшін маңызды. Қазақ тілін құрметтеп, оны іс жүзінде қолдану – әрбір азаматтың, әсіресе мемлекеттік қызметкердің парызы мен міндеті.

А. Алимжанова,

“Саран қаласының мәдениет,

тілдерді дамыту, дене шынықтыру

және спорт бөлімі” ММ бас маманы