✔️ ҚР Үкіметі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады.
📊 Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес, бір студентті оқытуға бөлінетін орташа қаражат көлемі 437 мың теңгені құрап келді, енді ол орта есеппен 912 мың теңге көлемінде болады.
📌 Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандырушы төлем бөліктерінен тұрады. Ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі.
👷🏻 Бұл жаңа қаржыландыру жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
📍 Сонымен қатар, колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларында өндірілген өнімді сатылымға шығару механизмі қарастырылып жатыр. Өндірістен түскен табыс білім беру ұйымдарын дамытуға бағытталатын болады.