Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіретін Саран қаласының еріктілер тобы қаланың тазалығына бей-жай қарамайды. Аптасына бір рет болсын игі іске қатысып, ел алғысына кенелуде.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай қалалық жастар ресурстық орталығы директорының м.а. Евгений Хисметов Саран техникалық колледждің студенттері мен ерікті азаматтармен бірге Жеңіс стелласының маңайын қоқыс-қалдықтардан тазартып, ауласын ретке келтіруге атсалысты. Сондай-ақ, «Жауынгер-интернационалистерге арналған» ескерткішке барып қайтты.
- 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне қарсы жастарымыздың белсендігін көріп қуанып отырмыз. Патриот жастарымыз көп болсын!, - деп атап өтті қалалық жастар ресурстық орталығы директорының м.а. Евгений Хисметов.
Игі іс-шара осы жұмыстармен тоқтап қалмай, әрі қарай да жалғасатын болады.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА