Бүгін: 02.05.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2025 жылдың 25 сәуірінде Саран қаласында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында плакаттар байқауы өтті. Іс-шара «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында және «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Байқауға қаланың әртүрлі жалпы білім беру ұйымдарының 8–11 сыныптарынан 42 оқушы қатысып, өздерінің авторлық плакаттарын ұсынып, жұмыстарын қорғады. Әр туындыда оқушылар әділдік пен адалдықты дәріптеп, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсерін көркем тілмен жеткізуге тырысты.

Қазылар алқасының құрамында:

  • Солодкова Светлана Александровна – «Балалар өнер мектебі» КМҚК бейнелеу өнері пәнінің оқытушысы;
  • Мұстафин Серік Хамзаұлы – саясаттанушы, қоғам қайраткері, Саран қаласы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі;
  • Орынбек Аяжан – «Саран қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ жастар ісі жөніндегі инспекторы болды.

Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені №1 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Юлдашева Илона жеңіп алды. Бірінші орынға Шатульская Дарья (№1 МЛ, 8-сынып) және Загородная Ольга (№16 ЖББМ, 8-сынып) ие болды. Екінші орын  Пестерева Анна (№16 ЖББМ, 10-сынып) мен Гусев Константинге (№1 МЛ, 10-сынып) бұйырды. Ал үшінші орынды Дубинюк София (№1 МЛ, 8-сынып) мен Куанов Тимур (№1 МЛ, 10-сынып) бөлісті.

Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлық сертификаттары табысталды, барлық қатысушыларға қатысу сертификаттары ұсынылды.

Аталған байқау жас буын арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастырудың маңызды қадамына айналды. Осындай шығармашылық шаралар жастар арасында әділдік, адалдық секілді өмірлік қағидаттарды кеңінен насихаттауға үлкен үлес қосады.

А. Жантурина,

«Қарағанды облысының

жастар және балалар

ұйымдарының одағы»

ЖҚБ әдіскері