Бүгін: 02.05.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақ тілі –  қазақ  мәдениетін  жеткізушілердің  тілі.  Қазақ  тілі  өзінің мазмұндылығымен, маңыздылығымен, құндылығымен   ерекшеленеді.

«Қазақ  тілі  –  рухани   байлығымыздың    қайнар бұлағы», – деп бекер айтылмаған.  Қазақ тілі қазақ елінде, қазақ   жерінде өркендеуі тиіс. Тіл  –   Қазақстандық  патриотизмнің  қалыптасуы мен  ұлттық  және  жеке  тұлғалық  дамудың  қалыптасуына  тікелей  бағыт – бағдар  беретін  құбылыс  болып  табылады.

Тілге деген құрмет – ұлтқа  деген  құрмет. Тілсіз халықтың, елдің  өмір сүруі   мүмкін емес. Әлем таныған   ел болуы  үшін, тіліміздің жұлдызын биіктетуге   міндеттіміз.

«Ұлт болам десең – бесігіңді түзе» дегенде Мұхтар Әуезов әуелі  тілді тиек еткендей, баланың   тіл мәдениетін қалыптастыруда  өзі тәрбиелеп отырған   отбасының  алатын орны ерекше екенін атап көрсеткен. Баланың бал тамған  тілінен   жоғары мәдениетті  тілін  және  ұлтына деген махаббатын қалыптастыруда отбасындағы ата – ананың орны ерекше болады.

Отбасында, жалпы   балалармен   қазақ  тілінде сөйлессе, сол отбасында тәрбиеленіп отырған баланың қазақ тіліне деген  сүйіспеншілдігі арта түседі. Сол  сияқты  ана  тілінде жақсы сөйлеп, өз ойын жүйелі жеткізетін адам  ұлты үшін,  елі үшін тілі үшін  жанын  берері  анық.

Отбасы  –    ұлттың  тірегі болса, тіл – ұлттың  жаны  болып табылады.

Қазақ тілі – тек қарым – қатынас құралы ғана емес, ол – ұлтымыздың ой – өрісін, мәдени дәрежесін айғақтап, ақыл – парасатын  көрсететін айна.        

Сондықтан  да  ана тілімізді  шұбарламай, шұрайлы  қолданып, бұрмалап  сөйлеу болашағымызға  кері  әсер ететінін әрбір қазақ  баласы  көкейіне түйсе құба-құп болар еді.  Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды, әр  ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі болып табылады.

Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, халқыңды, өзіңді қадірлеу!

Ж. Джумашева,

Саран  қаласының

Полиция бөлімі