2025 жылғы 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында Саран қаласында, еліміз бойынша өтетін Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) басталады. Бұл жыл сайынғы ақпараттық науқан халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін екпенің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Биылғы жылғы апталықтың ұраны: «Барлығы үшін иммундау – адамның қолынан келеді!». Бұл тек ұран ғана емес. Қазіргі медицина елеулі жетістіктерге жеткенімен, екпенің көмегімен алдын алуға болатын инфекциялар әлі де қауіп төндіріп тұр. Вакцина — әсіресе балалар, жүкті әйелдер мен созылмалы аурулары бар адамдар үшін ең сенімді қорғаныс тәсілі болып қала береді.
Вакцинация неліктен маңызды?
Вакцинация:
- аурулардың ауыр ағымының алдын алады;
- тек егілген адамды ғана емес, оның айналасын да қорғайды;
- қауіпті инфекциялардың таралуын болдырмайды;
- пандемиядан кейін жоспарлы екпе шараларындағы үзілістерді қалпына келтіруге көмектеседі.
Вакциналармен алдын алуға болатын аурулар ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін:
- сал (полиомиелит), соқырлық және жаңа туған нәрестелердегі даму ақаулары (қызамық),
- менингит (пневмококк инфекциясы), энцефалит (қызылша), жүрек тоқтауы (сіреспе), бауыр обыры (В гепатиті) және басқа да ауыр зардаптар.
Қалай қатысуға болады?
Иммундау апталығы барысында Саран қаласының тұрғындары:
- қалалық емханадан дәрігер кеңесін ала алады;
- өздерінің екпе карталарын тексере алады;
- жетіспейтін екпелерін тегін ала алады;
- денсаулық сақтау саласының мамандарына сұрақтар қоя алады.
Сондай-ақ мектептер мен балабақшаларда ата-аналармен кездесулер мен тақырыптық сабақтар ұйымдастырылуда. Олар халықтың вакцинацияға деген сенімін арттыруға және екпе туралы жалған ақпараттарды жоққа шығаруға бағытталған.
Вакцина қайда салдыруға болады?
Вакцина алмаған тұрғындарды келесі мекенжайлар бойынша екпе алуға шақырамыз:
- Саран қалалық емханасы — Саранская көшесі, 28а
- Ақтас кенті, №3 отбасылық денсаулық орталығы — Лихачев көшесі, 16
Мамандар сізге тегін және қауіпсіз түрде кеңес беріп, қажет болған жағдайда вакцина салады.
Есіңізде болсын!
Вакциналар — адамзат тарихындағы ең ұлы ғылыми жетістіктердің бірі.
Олардың маңыздылығы дозамен емес, дені сау және ұзақ өмір сүрген адамдармен өлшенеді.
Екпе — бұл отбасыңыз бен бүкіл қоғамның денсаулығына қосқан үлесіңіз.
Денсаулықты таңдаңыз — вакцина алыңыз!
Неделя иммунизации в г. Сарани: «Добиться иммунизации для всех – в человеческих силах!»
С 27 апреля по 3 мая в г. Сарани, как и по всей стране, будет проходить Европейская неделя иммунизации (ЕНИ). Эта ежегодная кампания направлена на повышение осведомлённости населения о важности прививок для защиты жизни и предотвращения инфекционных заболеваний.
В этом году Неделя иммунизации проходит под девизом: «Добиться иммунизации для всех – в человеческих силах!» — и это не просто лозунг. Современная медицина добилась значительного прогресса, но инфекции, которые можно предупредить с помощью вакцин, по-прежнему опасны. Прививка остаётся самым надёжным способом защиты, особенно для детей, беременных женщин и лиц с хроническими заболеваниями.
Почему вакцинация так важна?
Вакцинация:
- предотвращает тяжёлое течение болезней;
- защищает не только привитых, но и окружающих;
- позволяет избежать вспышек опасных инфекций;
- помогает восстанавливать пробелы в плановой вакцинации после пандемии.
Инфекции, от которых защищают вакцины, могут привести к тяжёлым последствиям: паралич (полиомиелит), слепота и пороки развития у новорождённых (краснуха), менингит (пневмококковая инфекция), энцефалит (корь), остановка сердца (столбняк), рак печени (гепатит B), и другие серьёзные осложнения.
Как участвовать?
В течение недели жители Сарани могут:
- пройти консультацию врача в поликлинике города;
- проверить свою прививочную карту;
- получить недостающие прививки бесплатно;
- задать интересующие вопросы специалистам в сфере здравоохранения.
Также в школах и детских садах проводятся тематические занятия и встречи с родителями. Они направлены на повышение доверия к вакцинации и развенчание мифов о возможных побочных эффектах.
Где можно пройти вакцинацию?
Приглашаем всех, кто ещё не привит, обратиться в:
- Поликлинику г. Сарани — ул. Саранская, 28а;
- ЦСЗ №3 п. Актас — ул. Лихачева, 16.
Здесь вас проконсультируют специалисты и при необходимости проведут вакцинацию — бесплатно и безопасно.
Запомните:
Вакцины — одно из величайших научных изобретений человечества.
Их значение измеряется не дозами, а здоровыми, прожитыми жизнями.
Прививка — это ваш вклад в здоровье семьи и всего общества.
Выбирайте здоровье — выбирайте вакцинацию!