Бүгін: 03.05.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Таяуда  Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің базасында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спорт саласындағы аймақтық кәсіптік шеберлік байқауы өтті.

Бұл байқауды Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  мен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі ұйымдастырды. Оған Қарағанды облысы бойынша 6 дене шынықтыру  пәнінің оқытушысы қатысты. Олар 4 модуль: визитка, сабақ жоспарын әзірлеу, әзірленген сабақтың негізгі кезеңін өткізу және шеберлік сынып бойынша өздерінің қабілеттерін, педагогикалық қызметіне, мамандығына қатысты көзқарасын айта отырып, инновациялық идеялары мен кәсіби қызметіндегі нәтижелерімен таныстырды.

Ал қатысушылардың жұмысын академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дене мәдениеті және спорт факультетінің дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы М. Қарынбаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің докторанты Бағдаулет Тілеубек, №24 жалпы орта білім беретін мектебінің диреторы, дене шынықтыру оқытушысы, педагог-зерттеуші К.Бектемиров және қалалық Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ж. Уразбеков бағалады.

Екі күнге созылған байқаудың қорытындысы бойынша Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің оқытушысы Арман Байхадамов 1-орынға, Шахтинск технология колледжден келген Даяна Хамитжанова 2-орынға және дәл сол білім ордаданың оқытушысы Бидолда Қабдылмүлік 3-орынға ие болды.

Бір жаза кететін жайт, осы байқаудың жеңімпазы республикалық байқауға қатысатын болады. 

Дина  ӘБДІҒАЛИЕВА