Көктем мен жаз мезгілдерінде кенелердің белсенділігі артады. Олар — кене энцефалиті мен Лайм ауруы сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары. Бұл инфекциялар денсаулыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін, сондықтан алдын алу шараларын ертерек қабылдау өте маңызды.
Кенелер қай жерде жиі кездеседі?
Кенелер ормандарда, шөпті алқаптарда, соқпақ жолдардың бойында, биік шөптер мен бұталардың арасында тіршілік етеді. Олар әсіресе жылы және ылғалды ауа райында, таңертең және кешке белсенді болады.
Кене шағуынан қалай сақтануға болады?
— Орманға немесе табиғатқа шыққанда ашық түсті, жабық киім киіңіз: ұзын жеңді көйлек, шалбар, бас киім
— Шалбарды шұлыққа немесе аяқ киімнің ішіне қыстырыңыз
— Арнайы репелленттерді (жәндіктерге қарсы құралдарды) қолданыңыз
— Үйге оралған соң, денеңізді, киіміңізді мұқият тексеріңіз, әсіресе мойын, қолтық, шап, құлақ арты секілді жерлерді
Кене шаққан жағдайда
не істеу керек?
Егер денеңізден кенені байқасаңыз, оны пинцетпен ақырын алып тастаңыз немесе ең жақын медициналық мекемеге жүгініңіз. Шаққан орынды антисептикпен өңдеңіз. Кенені зертханаға тапсыру ұсынылады және 2–3 апта ішінде өз жағдайыңызды бақылап отырыңыз.
Есіңізде болсын:
— Кенені қолмен мыжып жіберуге болмайды.
— Оны май немесе креммен майламаңыз.
— Кенені бірден тартып алуға тырыспаңыз — бұл оның ауыз бөлігінің теріде қалып қоюына әкелуі мүмкін.
Өзіңізге күтім жасау — алдын алудың ең тиімді жолы. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы табиғат аясында демалу кезінде де өз денсаулығыңызды қорғауға болады.
Табиғат аясында серуендегенде сақ болыңыз!
«Саран қалалық санитариялық-
эпидемиологиялық
бақылау басқармасы» РММ
Осторожно — клещи!
С наступлением весны и лета увеличивается активность клещей — переносчиков опасных инфекций, включая клещевой энцефалит и болезнь Лайма. Эти заболевания могут привести к серьёзным последствиям для здоровья, поэтому важно заранее позаботиться о мерах профилактики.
Где чаще всего встречаются клещи?
Клещи обитают в лесах, на лужайках, вдоль тропинок, в высокой траве и кустарниках. Они активны в утренние и вечерние часы, особенно в тёплую и влажную погоду.
Как защититься от укуса клеща?
— Для прогулок в лесу надевайте светлую закрытую одежду: длинные рукава, брюки, головной убор;
— Заправляйте брюки в носки или обувь
— Используйте специальные репелленты (средства от насекомых);
— По возвращении домой обязательно осматривайте тело и одежду, особенно в области шеи, подмышек, паха, за ушами.
Что делать при укусе клеща?
Если вы обнаружили присосавшегося клеща, его следует аккуратно удалить пинцетом или обратиться в ближайший медицинский пункт. Место укуса нужно обработать антисептиком. После удаления желательно сдать клеща на анализ и следить за своим состоянием в течение 2–3 недель.
Важно помнить:
— Не раздавливайте клеща пальцами;
— Не смазывайте его маслом или кремом;
— Не пытайтесь резко выдёргивать — это может привести к отрыву хоботка
Забота о себе — лучший способ профилактики. Соблюдение простых правил поможет избежать укусов и сохранить здоровье в тёплый сезон.
Берегите себя и будьте внимательны на природе!
РГУ «Саранское городское
управление санитарно-
эпидемиологического контроля»