Жедел ішек инфекциялары (ЖІИ) – лас қолдар, сапасыз тағамдар мен ластанған су арқылы жұғатын, әртүрлі бактериялар мен вирустар қоздыратын аурулар тобы. Әсіресе көктем мен жаз мезгілінде бұл аурулардың таралу қаупі арта түседі.
Инфекция қалай жұғады?
ЖІИ көбінесе жеке бас гигиенасының сақталмауы салдарынан таралады. Қайнамаған суды ішу, жуылмаған көкөністер мен жемістерді жеу, сондай-ақ лас заттармен немесе ауру адаммен байланыста болу ауруға әкелуі мүмкін.
ЖІИ негізгі белгілері:
— Дене қызуының көтерілуі;
— Лоқсу, құсу;
— Іштің ауыруы;
— Сұйық нәжіс;
— Жалпы әлсіздік.
Инфекцияның алғашқы белгілері байқалса, өзін-өзі емдеуге болмайды. Әсіресе, балалар мен егде жастағылар ауырса, дәрігерге дереу қаралу қажет.
Алдын алу – ең тиімді қорғану тәсілі:
— Тамақтанар алдында және дәретханадан кейін қолды сабындап жуу;
— Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;
— Жемістер мен көкөністерді мұқият жуу;
— Тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқышта сақтау;
— Өнімдердің сақтау мерзімі мен шарттарын сақтау;
— Рұқсат етілмеген жерлерден тамақ сатып алмау.
Есіңізде болсын: аурудың алдын алу – оны емдеуден әлдеқайда оңай. Қарапайым санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтау арқылы өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға болады.
Денсаулығыңызды сақтаңыз!
«Саран қалалық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
Будьте бдительны: как защититься от острых кишечных инфекций
Острые кишечные инфекции (ОКИ) — это группа заболеваний, вызываемых различными бактериями и вирусами, передающимися в основном через грязные руки, воду и некачественные продукты питания. Особенно актуальной эта тема становится в весенне-летний период, когда растёт риск заражения.
Как можно заразиться?
Чаще всего ОКИ передаются при нарушении правил гигиены. Употребление некипячёной воды, плохо вымытых овощей и фруктов, а также контакт с заражёнными предметами или людьми может привести к заболеванию.
Основные симптомы ОКИ:
— Повышенная температура;
— Тошнота, рвота;
— Боли в животе;
— Частый жидкий стул;
— Общая слабость.
При появлении первых признаков инфекции не следует заниматься самолечением. Важно своевременно обратиться к врачу — особенно если речь идёт о детях или пожилых людях.
Профилактика — главный метод защиты:
— Тщательно мойте руки перед едой и после посещения туалета;
— Употребляйте только кипячёную или бутилированную воду;
— Мойте овощи и фрукты перед употреблением;
— Храните скоропортящиеся продукты в холодильнике;
— Соблюдайте сроки и условия хранения продуктов питания;
— Избегайте покупки еды с рук в несанкционированных местах.
Помните: болезнь легче предотвратить, чем лечить. Соблюдение простых санитарно-гигиенических правил поможет сохранить здоровье вам и вашей семье.
Берегите себя и будьте здоровы!
РГУ «Саранское городское
управление санитарно-
эпидемиологического контроля»