Бүгін: 03.05.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Бүгінде елде «табысқа кенелемін» деп бар жиған-тергенінен күмәнді қаржылық ұйымдарға салып, қолма-қол немесе интернет желісі арқылы қаржысынан айырылып жатқан қазақстандықтар аз емес. Алаяқтық фактілерінің көбейгенін ескерткен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тиісті мемлекеттік органдарға қаржы пирамидаларына қарсы алдын алу кешенді шараларын жүгізуді міндеттеген еді.

Негізінен осы бағытта тіркелген қылмыстардың негізгі бөлігі интернетте (Олх, Колёса) тауарларды сату немесе қызмет көрсету туралы хабарламаны орналастырумен байланысты. Алаяқтар өздерінің құрбандарын арзан бағамен, тауарды не қызметті тез жеткізумен қызықтырады. Сатып алушылардан жартылай немесе толық алдын ала төлем жасауды сұрайды, олардың шоттары үшінші адамдарға ресімделіп отырады.

Алаяқтықты жасаудың негізгі және басты себептері азаматтардың сенгіштігі. Осындай қылмыстарды ашу және тергеуде біршама қиындықтар бар, өйткені қылмыскер үшінші адамдарға тіркелген әртүрлі банк карталары мен карталарды, сондай  - ақ әртүрлі абоненттік нөмірлерді пайдаланады. Көп жағдайда ақша қаражаттарын шешіп алу үшін жалған адамдарды қатыстырады. Ал, аталған қылмысты ашу үшін заң жүзінде алынған деректерді мұқият талдау қажет, бұл нақты ұзақ уақытты талап етеді.

Дегенмен, бүгінгі күнге интернет арқылы жасалған алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында аймақта бірнеше іс-шаралар атқарылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы қандай сақтық шараларын сақтау керектігі түсіндірілуде.

Осы мақсатта халыққа қызмет көрсету орындары мен базарларда, сауда орталықтарында плакаттар жапсырылып, жаднамалар таратылған.

Сонымен қатар, тауарларды интернеттен сатып алған кезде тауарларды тек тексерілген сайттардан сатып алуды қарастыру керек. Бұл қос сайт емес, ресми бет екеніне көз жеткізіңіз. Көбінесе қылмыскерлер ұқсас сайттарды жасайды, тек ресурстың сипаттамасын өзгертеді, танымал банктердің логотиптерін, сондай-ақ танымал брендтерді пайдаланады, бұл адамды алдаудың тәсілдерінің бірі. Бұл жағдайда, егер сізден тауар үшін алдын - ала төлем сұралса, алдын - ала төлем шарттарын мұқият оқып шығу керек. Алаяқ интернеттен тапқан немесе басқа адамнан алаяқтық жолмен алған жеке куәліктің фотосуретін жібереді. Егер сіз басқа қаладан тауарға тапсырыс берсеңіз, туыстарыңыздан, таныстарыңыздан тауардың бар - жоғын және ұсынылған сипаттамаларға сәйкестігін тексеруді сұраңыз.

Егер сізге ұялы байланыс телефоны арқылы банктен қоңырау шалып, менеджер немесе қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырып, Сіз туралы немесе сіздің шотыңыз туралы мәліметтерді сұрастырып жатады. Егер сіз осы ақпаратты алаяқтарға телефон арқылы хабарласаңыз, ақша қаражаты дереу банк картасынан алынады. Осындай жағдайда сөйлесуді тоқтатып, өз банкіңіздің жедел желісіне дереу қоңырау шалып, осы жағдай туралы хабарлау қажет. Банктің бірде - бір қызметкері клиенттерге қоңырау шалмайды және құпия деректерге қызығушылық танытпайды.

Инстаграм арқылы тауарларды сатып алар алдында, сатушының ресми мекенжайын, сонымен бірге, WhatsApp немесе видео байланыс арқылы құжаттарын тексеріп, көз жеткізу қажет.

«Сіз жеңімпаз атандыңыз, сізге арнайы сыйлығымыз бар немесе ақша ұтысы бар, құжаттың көшірмесін жіберіңіз» деп ұялы телефонға мәліметтер түсіп жатады. Осындай жалған мәліметтерге құжаттардың көшірмесін жіберуге болмайды. Сіздің атыңыздан алаяқтар заңсыз іс - әрекеттер жасауы әбден мүмкін.

Алаяқтық – бұл заңсыз немесе адал емес әрекет арқылы басқа адамдардың мүлкіне немесе ақшасына иелік ету мақсатындағы қасақана жасалатын іс-әрекет. Алаяқтық қазіргі заманның ең күрделі және кең таралған мәселелерінің бірі болып табылады. Қаржы, бизнес, жеке тұлғалар арасындағы қатынастар салаларында жиі орын алады. Осыған байланысты, алаяқтықтың алдын алу маңызды және өзекті мәселе болып тұр.

Алаяқтық бірнеше түрге бөлінеді, ол:

  • Қаржылық алаяқтық – бұл акциялармен, облигациялармен, несие карталары арқылы заңсыз әрекеттер жасау.
  • Интернет алаяқтық – фишинг, хакерлік шабуылдар және жалған веб-сайттар арқылы мәліметтерді ұрлау.
  • Сауда алаяқтықтары – сапасыз тауарлар сату немесе жалған қызметтер көрсету.
  • Жеке алаяқтық – адамның жеке мәліметтерін пайдаланып, банк есепшоттары мен басқа ресурстарға кіру.

Алаяқтықтың алдын алу үшін оны анықтауға көмектесетін негізгі белгілерді білу маңызды, ол:

  • Күдікті ұсыныстар. Тым тиімді, шынайы емес көрінетін ұсыныстар.
  • Қаржылық талаптар. Алдын ала төлем немесе депозит сұрау.
  • Мәліметтердің жасырылуы. Толық ақпарат бермеу, шарттардың айқын болмауы.

Алаяқтықты болдырмау үшін келесі кеңестерді ескеру керек:

  • Қаржылық білімді арттыру. Ақша қаражаттарын басқару, заңды келісімдер жасау туралы білімді үнемі жетілдіру.
  • Жеке мәліметтерді қорғау. Банк карталары мен жеке мәліметтерді құпия сақтау, интернеттегі әрекеттерге мұқият болу.
  • Ресми дереккөздермен жұмыс істеу. Тек сенімді компаниялар мен мекемелерден қызмет алу, тек ресми келісім шарттар жасасу.
  • Қырағылық. Жалған ұсыныстар мен хабарламаларға назар аударып, күмәнді сайттардан аулақ болу.

Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз немесе күдік туындаса:

  • Дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
  • Қаржылық ұйымыңызға жүгініп, транзакцияларды тоқтатуды сұраңыз.
  • Қауіпсіздік шараларын күшейтіңіз – парольдерді ауыстырып, ақпараттарды қайта тексеріңіз.

Соттағы ең көп таралған қылмыстар қатарына жататын меншікке қастандық жасау жекелеген азаматтар үшін ғана емес, жалпы бүкіл қоғам үшін елеулі қауіп тудырады. Меншікке қарсы қылмыстар экономикалық жүйенің негізі – меншікке қастандық жасайды. Объективті түрде олар қоғамның экономикалық саласына зиян келтіреді, мемлекеттің экономикалық дамуын тоқтатады, тұрақтылықты бұзады, азаматтардың өміріне жағымсыз әсер тигізеді

Демек, алаяқтықтың алдын алу – бұл әрбір азаматтың міндеті. Сақтық пен қаржылық сауаттылықтың арқасында өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардың әрекеттерінен қорғауға болады. Жеке мәліметтерге мұқият болу, күмәнді ұсыныстарға алданып қалмау арқылы қауіп - қатерден аман болу әркімнің қолынан келеді.

Г. Омарова,

Саран қалалық сотының судьясы