Бүгін: 03.05.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Біздің қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – діни экстремизм. Экстремизмнің қай түрі болса да тұтас әлемге, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, елдің аумақтық тұтастығына, азаматтардың құқығына және бостандығына үлкен қауіп төндіреді. Кез келген ел үшін діни экстремизмнің ең қауіпті түрі – діни ұранды бүркемелеп ұлттар және діндер арасына от қойып, шағыстыру. Оның арты үлкен қақтығыстарға әкеледі. Әсіресе, жастарды алдап-арбап әртүрлі секталарға, түсініксіз ұйымдарға кіргізіп жатқанды құлағымыз шалады. Жаһандану кезеңіндегі сын-қатерлер үдеп тұрған жағдайда, еліміздің басты міндеті – діни экстремизммен күресті күшейту керек.

Жастар арасында осындай рухани адасушылықтың алдын алып, ұлттық сананы қалыптастыруда іс-шаралар жасап, кездесулер өткізіп, сондай-ақ, дәстүрлі құндылықтарды, салт-дәстүрлерді түсіндіруді ұмытпауымыз керек. Жастардың бойына    патриоттық тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру қажет.

«Отан - отбасынан басталады» демекші, отбасында тыныштық болған кезде, елде  де тыныштық болады, ел өркендейді.

Ол үшін жас буынға қазірден бастап интернет желісін байқап қолдану керектігін түсіндіргеніміз абзал. Себебі, бүгінде бұл маңызды, өзекті мәселелердің бірі.

Света Супьянова,

 «Ақ шаңырақ»

ЭМБ-нің

жетекшісі,

ақпараттық

топтың мүшесі