Бүгін: 03.05.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

31 наурыз бен 11 сәуір аралығында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының аға оқытушысы Какенова Гаухар Бериковнаның жүргізуімен «Білім беру ұйымдарында зорлық- зомбылықтың алдын алу» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.

Бұл курстың мақсаты –  зорлық-зомбылықтың алдын алуға және суицидтік тәуекелді  азайтуға бағытталған психологиялық-педагогикалық профилактикалық жұмыстың тиімді жүйесін құру үшін орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының, әлеуметтік педагогтердің және сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Курс барысында «Зорлық-зомбылықтың алдын алудың және білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттарын реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер мен құжаттар», «Білім беру ұйымдарының ішкі құжаттарына зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі кешенді шаралар әзірлеу және енгізу», «Балалар мен жасөспірімдер психологиясының ерекшеліктері», «Мектептегі медиация қызметі» атты өзекті тақырыптар қозғалды. Сондай-ақ, білім ордасындағы тәлім-тәрбиеге, ұстаз бен ата-аналарға ағарту және кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыруға аса зер салынды.

Қорыта келгенде, «Білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында өткен біліктілікті арттыру курсы білімімізді әрі қарай шыңдауға көмектесті. Осы уақыт аралығында әрқайсымыз кездескен қиын жағдаяттарды ортаға салып талқылап, өз ойларымызбен бөлістік.  Жаңа орта тауып, өзара тәжірибемізбен алмастық,  келешекте байланысымызды үзбей, онлайн түрде тәжірибемізбен алмасып, жұмыста қолданамыз.

А. Төлеубекова,

«Абай атындағы жалпы білім

беретін мектебі» КММ

педагог-психолог;

А. Түсүпжан,

«№16 жалпы білім беретін

 мектебі» КММ

педагог-ұйымдастырушы

және бастауыш сынып мұғалімі