Бүгін: 03.05.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

1 сәуір күні Саран қаласының мәдениет үйінде қалалық жастар ресурстық орталығы мен «Город, дружественный к ребенку» ҮЕҰ ұйымдастыруымен қала әкімі кубогының «Жастар лигасы» аймақтық КВН ойыны өтті.

Оған Қарағанды, Теміртау, Саран және Абай қалаларынан келген 7 команда қатысты. Сахна мәдениеті мен шеберлігі, ән мен би, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы осының барлығы да өнер алаңынан табылды.

- Менің 7 балам бар. Декретте отырған анамын. Өзім мәдениет үйінде қандай концерт болмасын көруге тырысамын. Қыздарым да музыканы жақсы көреді. Бүгінгі КВН-ге бала-шағамды алып келдім, - деді Саран қаласының тұрғыны Раиса Атырауова.

Ойын форматына сай қатысушылар «Разминка по-сарански». «Видеоконкурс» және  «Музыкальный Фристайл» кезеңдеріне барынша дайындалып келген. Ал олардың өнерін әділ қазы алқасында отырған: «Иртыш» лигасының чемпионы, Красноярск қаласындағы Азия орталық лигасының вице-чемпионы, «Қарағанды КВН» үш дүркін чемпионы, «СтендапКрг» негізін қалаушы, Қарағанды КВН лигасының басшысы Рустам Абильдин, «Иртыш» лигасының чемпионы, «Старт» орталық лигасының финалисті, «Магнитка» лигасының жетекшісі Алексей Ли, №2 ЖББМ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Илья Карпов, Саран қаласы мәдениет үйі директорының орынбасары Меней Жұлдыз, қалалық жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі инспекторы Елешева Динара бағалады.

Тартысты өткен бәсекенің нәтижесінде Саран техникалық колледждің «Девчата и два удивительных приложения» командасы ІІІ дәрежелі дипломмен, «Жаным» командасы ІІ дәрежелі дипломмен, «Неформат» командасы І дәрежелі дипломмен марапатталды.  Бас жүлде - қала әкімінің кубогы «Бруклин 9-9» командасына берілді. Жүлдегерлерге алған орындарына байланысты қаржылай сый-сияпаттар көрсетілді.

Қалған командаларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, әзілі елден ерек болған, көзге түскен «Неформат» командасы - «Лучшее видео», ал «Бруклин 9-9» тобы – «Самая находчивая» номинацияларына ие болды.  Қарағанды қаласынан келген «Сообщество» командасының мүшесі Каданов Егор «Мистер КВН» және Теміртаулық «Неформат» тобының сұлуы Базанова Екатерина «Мисс КВН» атанды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА