31 наурыз күні Саран қаласы әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеев көп балалы аналарды Маржан Садуова мен Айнұр Токенованы «Күміс алқа» алқасымен марапаттады.
Маржан Садуова - Саран қаласының тұрғыны. Қалалық ауруханада жұмыс істейді. Қазір декреттік демалыста. Тұңғышы - 19 жаста болса, үйдің кенжесі - 1 жастан асқан.
- Мен Саран қаласының тұрғынымын, алты бала-шағам бар. Осы күнге жеткенімізге шүкір деймін, - деп үш ұл мен үш қыз балаға тәлім-тәрбие беріп отырған көп балалы ана Маржан Садуова марапаттау сәтінде өз әсерімен бөлісті.
Айнұр Токенова да алты құрсақ көтерген аяулы ана. Ержүректі екі ұлы мен 4 қылықты қызы бар. Оның тұңғыш баласы бүгінде анасының қолғанаты болып жұмыс істеп жүрсе, кішкентайы 1 жастан асқан.
Көп балалы аналарды марапаттарымен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА