- 919

Мемлекеттік қызметтер көрсету бүгінгі күні жауапты да маңызды істер қатарында саналады. Оны атқарудың белгіленген өзіндік тәртібі, бағыт-бағдарлары бар. Аталған ауқымдағы қызметтердің сапалы көрсетілуі тұрғындардың атқарушы органдарға деген сенімінің нығая түсуіне жол ашады.
- 771

Үстіміздегі жылдың 8 және 9 шілдесінде Астана қаласындағы Сайран Арена спорт кешенінде FSKA нұсқасы бойынша Фунакоши каратэден Қазақстан Республикасының 2-ші чемпионаты өткен болатын.
- 862
Бүгінде теледидар өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Күн сайын миллиондаған адамдар өздерінің сүйікті телебағдарламаларын, сериалдарын және фильмдерін және т.б. көруді ұнатады.
Цифрлық телесигнал бүкіл Қазақстан бойынша аналогтық телесигналдың орнын біртіндеп басып келеді. Бұл жаңа технология ешқайда кетпейді және қазірдің өзінде елде шындыққа айналды. Оның себебі қарапайым: бұл формат көрерменге ескі үлгіге қарағанда көптеген артықшылықтар береді.
- 701

Құрметті Саран қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!
Баршаларыңызды Елордамыздың 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!
25 жыл – бұл тарих өлшемімен алғанда қас-қағым сәт секілді.
- 719

Біздің заман өзгеше. Күніне түрлі жаңалық, түрлі өзгеріс болуда. Интернет алысты жақындатып тұр. Айшылық алыс жерден жылдам хабар алғызуда. Технология тілін білгеннің дәурені жүріп жатыр. ІТ, электронды қызмет, сандық формация және т.б. дүниелер алға озды. Адам компьютерді ұршықша иіруде. Роботтар заманы келе жатқан сияқты. Бүйте берсе, ғарышқа қарапайым жандар өзінің жекеменшік құрылғысы арқылы ұшатын күн де алыс емес-ау?!
- 798

2 шілдеде шаһарымызда даламызды күймен тербеп, әнмен әуелеткен ұлттық аспабымызды ұлықтайтын, қазақы рухымызға тән «Ұлттық Домбыра күні» жоғары деңгейде аталып өтті.
Жексенбіде қалалық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаңда Саран қаласы білім бөлімінің мұрындық болуымен һәм қалалық балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Дала дастаны - Домбыра» атты концерт өтті.
- 717
27 маусымда Zoom платформасында Өміржан Баймағанбетовтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 4 сессиясына Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы Алмас Сүлейменов, Ақтас кенті әкімінің орынбасары Марғұлан Анаев, Саран қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қайрат Омаров, «Ардагерлер кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының төрағасы Жұмабике Токушева, қалалық мәслихат депутаттары мен бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
- 719

Үстіміздегі жылдың 24 және 25 маусымы аралығында Балқаш қаласында Каратэ-до «Шотокан» спорт түрінен «Балқаш жолбарысы» республикалық турнирі өткен болатын. Аталмыш республикалық турнирге 6-17 жас аралығындағы жас спортшылар қатысты.
Байрақты бәсекеге Алматы, Кентау, Шымкент, Астана, Теміртау, Балқаш, Қарағанды және Саран қалаларынан барған спортшылар өзара теке-тіресте кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады.
- 887

Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретіне тойланып келеді. Ал биыл – Ұлттық домбыра күні 2 шілдеге сәйкес келіп отыр.
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген Қадыр Мырза-әлінің сөзін ұран еткен халқымыздың көңіл төрінде домбыраның орны ерекше.
- 702
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күнімен құттықтаймыз!
Мемлекеттік қызметкер болу - қажырлы еңбек, айрықша жауапкершілік және жоғары абырой.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Байлық пен мансап – қолға ұстаған мұз, ериді де кетеді. Ал, елге жасаған қызмет – артта қалған із, ол ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Осыны әр азамат түсінуі керек. Ел мүддесі – бәрінен биік».
Аймақтағы және елдегі әлеуметтік және экономикалық өзгерістер көбінесе патриотизмге, таңдалған іске берілгендікке, жұмыс тиімділігіне, мемлекеттік қызметшілердің тәжірибесі мен адалдығына байланысты.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бейбітшілік, келісім, отбасылық амандық, Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін халыққа қызмет ету ісіндегі еңбектеріңізге табыс тілейміз!





