- 804
Алдағы келе жатқан барлық мұсылман қауымының мерекесі ҚҰРБАН АЙТ мейрамы маусым айының 28-30 күндері аралығында өткізіледі. Құрбандық шалу рәсімін өткізуге ниет білдірген қала тұрғындарына құрбандыққа шалынатын жануарларды (малдарды) тек арнайы белгіленген орындарда союға рұқсат етілетінін хабарлаймыз.
- 635

19 маусым һижри жыл санауы бойынша 1444 жылдың зұлхижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 27 маусымға сәйкес келеді. 28 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған.
- 764

23 маусымда әлем елдерінде мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Бұл атаулы күннің тарихы ХХІ ғасырдан бастау алады. 2003 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп жариялаған қарар қабылдаған болатын.
Ал 2014 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер күні атап өтіле бастады.
- 728

Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның 21-бабы, «Жарнама туралы» Заңның 6-бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпарат тілін реттеу және көрнекі ақпаратты екі тілде рәсімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ негізгі міндеттерінің бірі
- 707

Қазақстан полициясы күні қарсаңында нашақорлықтың алдын алу айлығы және халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аясында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жігер» студенттік парламентінің ұйымдастыруымен қазақ бөлімінің студенттері Саран қаласының полиция бөліміне экскурсияға барды.
- 619
Байқауға қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін өтті.
Байқауға қатысу үшін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша 3 өтінім түсті.
- 589
Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2023 жылдың 22 маусым күні «БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы калькуляторы» тақырыбында «Ашық есік күнін» өткізеді..
Онлайн-кездесу форматында өтетін іс-шарада БЖЗҚ мамандары қатысушыларға зейнетақыны жоспарлаудың маңыздылығы, болашақта лайықты төлемдер алу үшін қандай мүмкіндіктер бар екендігі туралы баяндайды.
- 713

Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда Kinoplexx City Mall кинотеатрында көрсетілім алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы видеоролик көрсету ұйымдастырылды.
- 646

Әкелер күні қарсаңында ұлттық спортты ұлықтаған ұл-қыздар Шаһтинск шаһарында бас қосты. Оған себеп - үстіміздегі жылғы маусым айының 1-і мен 7-сі аралығында Шахтинск қаласында өткен 9 бен 13 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасындағы тоғызқұмалақтан облыстық жекелей чемпионаты.
- 677

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен сала ардагерлері!
Сіздерді медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!
Бұл мереке – адам жанын жүрегімен сезінетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің ерен еңбегі бағаланатын күн.





