Бүгін: 03.08.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2025 жылдың 20 мамырында Астанада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Өзбек техникалық реттеу жөніндегі агенттігінің делегациясымен ресми кездесу өткізді.

Жария талқылауға: «AMANAT» партиясының Саран қалалық филиалының төрағасы- Н.С. Тажибаева, Қарағанды облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Саран қаласындағы филиалының директоры - О. В. Кравченко, Саран қалалық мәслихатының депутаты, «Саран тынысы» ЖШС директоры-Б. Е. Майпасова, Саран қалалық мәслихатының депутаты, «Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары- Ж.К. Жаяубаев, «Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ кәсіпкерлік секторының бас маманы - Г. М.Кабжасарова, «Саран газеті» газетінің жергілікті БАҚ өкілдері, Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Саранда  мемлекеттік қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Заң және тәртіп» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Мән-маңыздылығы жоғары облыстық жобаларда әр салада қызмет етіп жүрген мемлекеттік тілде таза сөйлейтін өзге этнос өкілдері жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Өткен жылы Қазақстан мен Болгария арасындағы тауар айналымы 4 есеге жуық өскен.

Елімізде алғаш рет ауа ылғалдылығын өлшеуде маңызды болып саналатын шық/қырау нүктесінің температурасын өз бетімізше жаңғыртатын технология жасалды.

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту Қазақстан үшін аса маңызды екенін бірнеше рет атап өткен болатын. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінде халықтың 40,4 пайызы — бұл 8 миллионнан астам адам тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) өндірілетін электр энергиясының үлесі 6%-дан асып, 6,43%-ды құрады. Бұл — 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жоғары. Ол кезде ЖЭК үлесі небәрі 3% болған. Бұл өсім «жасыл» экономиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асырылып жатқанын айқын көрсетеді.

Жыл сайын 20 мамырда әлемнің травматолог-дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.

Астанада елдегі тау-кен металлургия (ТКМ) саласындағы корпоративтік университеттердің кеңейтілген форматтағы халықаралық кездесуі өтті. Іс-шара ұйымдастырушысы – Eurasian Resources Group (ERG). Форум Азия аумағындағы EFMD-ге мүше корпоративтік университеттер мен білім беру құрылымдары, қызметкерлерді оқыту саласында еңбек ететін білім беру мекемелері мен қауымдастықтар арасында Қазақстандағы алғашқы тәжірибе алмасу алаңына айналды.