- 161
Сүйінші! Ұлыстың ұлы күні қарсаңында №17 мектеп-гимназиясында бір күнде қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған Абай Құнанбайұлына, Ахмет Байтұрсынұлына және Сәкен Сейфуллинге арналған кабинеттер ашылды.
- 145
Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Оның ішінде тәлім-тәрбие бастауы саналатын халық ертегілердің алар орны бөлек. Бүгінде ата-әжелер немерелеріне, аналар балаларына ертегі оқиды ма? Қазіргі таңда өзекті сауалдардың біріне айналған бұл сұраққа қаламыздың ақ жаулықты асыл әжелері жауап берді.
- 191
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында №17 мектеп-гимназиясының оқушылары робототехникадан Түркиядағы ең танымал Жерорта теңізі курорты – Анталияға квота ұтып алды.
- 181
«Тілін білмеген тегін білмейді» - деген. Бүгінгідей ел болып еңсе көтерген тұста ана – тіліміздің қадір – қасиетін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру маңызды мәселе.
- 168
«Шаңырақ» күніне орай Ақтас кентінің әкімі Бауыржан Ақанов берекелі, айрандай ұйыған Мамытовтар жанұясын айшықты мерекемен құттықтады.
- 166
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін басты факторлардың бірі. Онымен күресудің ең тиімді жолдарының бірі – жастар арасында адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыру. Осы мақсатта Саран қаласында жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шығарма жазу байқауы ұйымдастырылды.
- 158
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
- 157
Қардан және мұздан тазарту бойынша алдын ала жүргізілген іс-шаралар көктемгі су тасқының зардаптарын болдырмауына немесе маңызды азайтуына мүмкіндік береді.
- 156
14 наурыз - Көрісу (басқаша айтқанда Амал) күнінде «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында қала әкімі Дарын Бұлқайыр тұрғындармен кездесті.
- 181
Ақтас кентінде оң саусағынан өнер тамған бесаспап жан тұрады. Бағым Советбекқызы Баймурынованың қолынан келмейтіні жоқ. Ою-өрнекті де пішеді, көрпе-жастықты да тігеді, трактордың да жеңіл машинаның тілін де өзінің бес саусағындай жақсы біледі. Өзі күміс көмей, жез таңдай әнші. Бір бойында талай өнер тоғысқан нағыз сегіз қырлы, бір сырлы жан десек қателеспейміз.