Бүгін: 08.05.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

СӘРСЕНБІ КҮНІ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРАЛЫ ОСПАНОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҚАЛА ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу.

Жиынға қатысқан білім мекемелерінің өкілдері аталған мәселеге қатысты атқарылған шаруаларды баяндады.

Арысын ардақтаған Алаш жұрты. Биыл заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толып отыр. Мұхтар Әуезов туған халқының тарихын, өнері мен мәдениетін, тұрмыс - тіршілігімен бар болмысын әлемге паш еткен тұлға.

Биыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл. 4 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны алғаш рет ресми түрде 1992 жылы тағайындалды. Сол себепті осы атаулы мереке барша қазақстандықтар үшін маңызы зор айрықша мереке. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет әрқашанда басым болмақ. Себебі ол Отанға, жерге, елге деген құрмет.

Қай заманда болмасын   елдің ерекшеліктерін көрсететін белгісі  рәміздері болған. Рәміз – елдің ұлттық болмысы мен ұлтты танытатын белгі. Тәуелсіз елдердің барлығында Әнұран, Ту, Елтаңба Мемлекеттік рәміз болып табылады. Ал кей Еуропа елдерінде мемлекеттік тіл де рәміздер қатарына кіреді.

БИЫЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНЕ – 30 ЖЫЛ. АЙРЫҚША ДАТАҒА ОРАЙ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА ҰЖЫМЫ АТА-БАБАНЫҢ ӨМІР САЛТЫН, БОЛМЫС-БІТІМІН, АРМАН-АҢСАРЫН БІЛДІРЕТІН - ТУ, ЕЛТАҢБА, ӘНҰРАНҒА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРАНЫҢ ӨТУІНЕ МҰРЫНДЫҚ БОЛДЫ.

САРАН ШАҺАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ АВТО-МОТО ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ҚАЛА ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕРДЕ КӨК ТУЫМЫЗДЫ АЛЫП ЖҮРДІ.

БАЛАЛАР ЖЫЛЫНДА «АҚ ОРДА» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ ҚАЙТА ЖАНДАНЫП, ӘРТҮРЛІ СПОРТТЫҚ, ӘДЕБИ ШАРАЛАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ.

Қытымыр қыстан кейін, шұғылалы көктем келіп, артынан жадыраған көк майсалы жаз салтанат құрды. Жазғы демалысқа шыққан мектеп оқушылары осы күндерді мағыналы, әрі мәнді етіп өткізуге тырысады. Бірі – ауылды аңсаса, бірі – керісінше қалаға қарай ұмтылады. Оқудан босаған өрендердің кейбірі жазғы лагерьге барғанды  қош көреді.

ЖАЗҒЫ УАҚЫТ - ОЙЫНДАР МЕН МЕРЕКЕЛЕРГЕ ТОЛЫ  ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ. ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР МЕН БАЛАЛАР ШОМЫЛУ МАУСЫМЫН  ЕРЕКШЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚПЕН КҮТЕТІНІН БІЛЕМІЗ.

ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ НӘТИЖЕСІ, САРАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ «QAZTEHNA» ЗАУЫТЫНДА ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН YUTONG МАРКАЛЫ ОН БІР ЖАҢА АВТОБУС ШАҺАРДАҒЫ МАРШРУТТАРҒА БЕРІЛДІ. АТАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР БАРЛЫҚ ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРҒА ЖӘНЕ ЕВРО-5 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЛАСЫНА СӘЙКЕС КЕЛЕДІ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ САРАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХXI ОТЫРЫСЫНДА КОНСТИТУЦИЯҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУДІ ҰСЫНҒАН ЕДІ. МАУСЫМ АЙЫНЫҢ 5 ЖҰЛДЫЗЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰСЫНҒАН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ ДА УАҚЫТЫ КЕЛІП ЖЕТТІ-АУ.