Құрметті Саран қаласының Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
- 656
Сіздерді Қазақстандық Полиция күнімен құттықтаймыз!
Полиция мамандығы ең қауіпті және күрделі, сонымен қатар азаматтар мен мемлекет үшін ең қажет мамандықтардың бірі болып қала береді.
Әрдайым қала халқының тыныштығын қырағы күзетіп, оны қорғауға және қылмыстардың белең алуына тойтарыс берудегі кәсібиліктеріңіз, қызмет барысындағы жоғары іскерліктеріңіз, халық арасында заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудегі жанқияр еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық.
Сіздер әрқашан қылмыспен күресте алдыңғы қатардасыздар, кейде тіпті қызмет барысында өз өмірлеріңізді де құрбан етесіздер.
Мұның жарқын мысалы ретінде полиция қызметкері Иса Кубаевтың қызмет барысындағы ержүректікпен қаза болуын айта аламыз, оның есімі Саран қаласының тарихына алтын әріптермен жазылған.
Сіздерге төл мерекелеріңіз – қазақстандық полиция күні қарсаңында мемлекетіміз бен азаматтардың мүдделерін қорғау, қоғам мен ел тыныштығын сақтау жолында күш-жігер мен төзімділікті, әділдік пен жауаптылықты талап ететін құқық қорғау саласындағы абыройлы да адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Баршаңызға абыройлы қызмет және зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел тыныштығын тілейміз!
28 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
- 509
19 маусым һижри жыл санауы бойынша 1444 жылдың зұлхижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 27 маусымға сәйкес келеді. 28 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған.
ПОЛИЦЕЙДІҢ БІР КҮНІ: ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ
- 544
Қазақстан полициясы күні қарсаңында нашақорлықтың алдын алу айлығы және халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аясында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жігер» студенттік парламентінің ұйымдастыруымен қазақ бөлімінің студенттері Саран қаласының полиция бөліміне экскурсияға барды.
Құрметті қала тұрғындары!
- 648
Алдағы келе жатқан барлық мұсылман қауымының мерекесі ҚҰРБАН АЙТ мейрамы маусым айының 28-30 күндері аралығында өткізіледі. Құрбандық шалу рәсімін өткізуге ниет білдірген қала тұрғындарына құрбандыққа шалынатын жануарларды (малдарды) тек арнайы белгіленген орындарда союға рұқсат етілетінін хабарлаймыз.
ЖАС МАМАНДАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
- 625
23 маусымда әлем елдерінде мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Бұл атаулы күннің тарихы ХХІ ғасырдан бастау алады. 2003 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп жариялаған қарар қабылдаған болатын.
Ал 2014 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер күні атап өтіле бастады.
Сауатты жарнама – тіл абыройы
- 600
Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның 21-бабы, «Жарнама туралы» Заңның 6-бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпарат тілін реттеу және көрнекі ақпаратты екі тілде рәсімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ негізгі міндеттерінің бірі
«Еңбек жолы» байқауы Тұңғыш Президент «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаларын іске асыру аясында өткізілді.
- 490
Байқауға қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін өтті.
Байқауға қатысу үшін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша 3 өтінім түсті.
«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»
- 469
Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2023 жылдың 22 маусым күні «БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы калькуляторы» тақырыбында «Ашық есік күнін» өткізеді..
Онлайн-кездесу форматында өтетін іс-шарада БЖЗҚ мамандары қатысушыларға зейнетақыны жоспарлаудың маңыздылығы, болашақта лайықты төлемдер алу үшін қандай мүмкіндіктер бар екендігі туралы баяндайды.
Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда Kinoplexx City Mall кинотеатрында көрсетілім алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы видеоролик көрсету ұйымдастырылды
- 573
Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда Kinoplexx City Mall кинотеатрында көрсетілім алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы видеоролик көрсету ұйымдастырылды.
Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен сала ардагерлері!
- 555
Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен сала ардагерлері!
Сіздерді медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!
Бұл мереке – адам жанын жүрегімен сезінетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің ерен еңбегі бағаланатын күн.